Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Т.Ахтанов атындағы

Ақтөбе драма театры

Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі

Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі   Фестивальді ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры. Фестиваль құрылтайшысы: облыс әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Театр өнерін дамыту және танымал ету, көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару. — театр шығармашылық топтарының әлеуетін қолдау және дамыту, жаңа буынның қалыптасуына және шығармашылық бастамасын ынталандыру. — театр өнерін дәріптеу, театр мәдениетін өзара байыту және заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру, театр ұжымдары арасында  қатынасты нығайта отыра, олардың  тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Фестиваль тарихынан: — 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды; — 2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді; — 2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді. — 2019 жылы сәуір айында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық ІV «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді. — 2022 жылдың 20-25 сәуір күндері Халықаралық V «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді. — 2025 жылы 16 Қыркүйек Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінде Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық  драма театры «Үздік визуалды-көркемдік бейне» номинациясын иеленді! Сонымен қатар, театрдың режиссері Мейрам Хабибуллин «Жас сыншылардың тәуелсіз сыйлығы» номинациясымен марапатталды.   Бірінші фестиваль Екінші фестиваль Үшінші фестиваль Төртінші фестиваль Бесінші фестиваль