Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі
Фестивальді ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.
Фестиваль құрылтайшысы: облыс әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Театр өнерін дамыту және танымал ету, көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару.
— театр шығармашылық топтарының әлеуетін қолдау және дамыту, жаңа буынның қалыптасуына және шығармашылық бастамасын ынталандыру.
— театр өнерін дәріптеу, театр мәдениетін өзара байыту және заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру, театр ұжымдары арасында қатынасты нығайта отыра, олардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Фестиваль тарихынан:
— 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды;
— 2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді;
— 2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді.
— 2019 жылы сәуір айында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық ІV «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.
— 2022 жылдың 20-25 сәуір күндері Халықаралық V «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.
— 2025 жылы 16 Қыркүйек Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінде Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры «Үздік визуалды-көркемдік бейне» номинациясын иеленді! Сонымен қатар, театрдың режиссері Мейрам Хабибуллин «Жас сыншылардың тәуелсіз сыйлығы» номинациясымен марапатталды.


